«Тараздың» бұрынғы ойыншысы гол тойлау әрекеті үшін алаңнан қуылды
«Тараз» бен қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы ойыншысы Максим Фещук киевтік «Арсенал» сапында гол соғып, оны тойлау әрекеті үшін жазаланды.
Украина Бірінші лигасында «Деснаға» қарсы матчта 88-минутта Фещук жеңіс голын соғып, сол жетістігін бәйәдеп түрде тойлаған. Сол үшін төреші оны алаңнан қуды.
Украина футбол федерациясының арбитрлік комитеті төрешінің шешімі дұрыс деп қабылдады.
«Қызыл қағаз дұрыс берілді. «Арсеналдың» ойыншысы соққан голын тойлап жатқан кезде алаң жиегімен жүгіріп, бірнеше рет «мастурбация» ишаратын көрсетті. Бұл спортқа сай емес қылық. УЕФА ойыншының мұндай әрекетінен соң оны ұзақ уақытқа жазалайды», - деп жазылған арбитрлік комитетте.
Айта кетейік, Фещук «Арсеналға» «Тараздан» ауысқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или