Instat.Зайнутдинов – төртінші турдың үздік ойыншысы

Instat.Зайнутдинов – төртінші турдың үздік ойыншысы

«Астана» Премьер-Лига ойындарының төртінші туры аясында павлодарлық «Ертіс» командасын 6:1 есебімен жеңді. 

Аталмыш кездесуде хет-трик авторы атанып, бір нәтижелі пас берген Бахтиер Зайнутдинов ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat Index мәліметтері бойынша үздік атанды. Бахтиер ойындағы нәтижелі әрекеттерінен бөлек, қақпаға тура соққы бағыттау көрсеткіші бойынша да үздік шықты. 

Instat Index бойынша екінші орында «Астананың» тағы бір ойыншысы Марин Томасов. Хорватиялық жартылай қорғаушы аталмыш кездесуде гол соғып, нәтижелі пастың авторы атанды. Осы нәтижесінің арқасында Марин Премьер-Лигада гол+пас жүйесі бойынша көшбасшы атанды. 

Үздік бестікте елордалық команда сапынан Бахтиер Зайнутдиновке екі нәтижелі пас беріп, еншісіне бір гол жазған Роман Муртазаев бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или