Данияр Күшікбаев: Осы маусымда барынша көп ойын тәжірибесіне ие болғым келеді

Данияр Күшікбаев: Осы маусымда барынша көп ойын тәжірибесіне ие болғым келеді

 «Астана-Ж» маусымның алғашқы кездесуінде «Қайсар-Ж» командасын 6:0 есебімен тас-талқан етті. 

Осы кездесуде негізгі құрамда алаңға шығып, команданың жеңісіне өз үлесін қосқан Данияр Күшікбаев болды. 18 жастағы қорғаушы клубтың баспасөз қызметіне матч туралы өз пікірін білдірді: 

- Жалпы алғанда, өте жақсы ойын көрсеттік деп ойлаймын. Бапкерлер құрамының ойынға жүктеген тапсырмасын орындап шықтық. Бірінші таймда гол соғатын мүмкіндіктер болған. Алайда, оны лайықты пайдалана алмадық. Дегенмен, екінші таймда қажетті нәтиже қол жеткізе алдық. Менің ойымша, лайықты жеңіске жеттік. 

- Команда әртүрлі екі тайм өткізді. Ойынның бірінші кезеңінде не жетіспеді? 

- Менің ойымша, бірінші таймда шабуыл шебінде сәттілік жетіспеді. Алайда, ойынның бірінші таймында да, екінші бөлігінде де кездесуді толықтай бақылауда ұстадық. 

- Өткен маусымда сен алаңға жиі шыға қойған жоқсың. Алдағы маусымнан не күтесің? Өз алдыңа қандай мақсат қоясың? 

- Бірінші кезекте қажетті ойын тәжірибесіне қол жеткізіп, бапкерлер құрамының барлық тапсырмасын орындауым қажет және кәсіби футболшы ретінде өсіп, командама көмегімді тигізгім келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или