Мадридтік дерби тең есеппен аяқталды
Футболдан Испания чемпионатының 31-ші турында «Реал» өз алаңында «Атлетико» командасын қабылдады.
Бұл кездесуде алаң қожайындарына қарағанда қонақтарға жеңіс көбірек керек болған. Себебі олар «Барселонамен» бірінші орын үшін талас жүргізіп жатыр. Ал «Реал» командасы маусым басындағы сәтсіз ойындар сериясынан кейін бас жүлде үшін таласта жарыс жолынан шығып қалған.
Кездесудің алғашқы таймында алаң қожайындары ойындағы басымдығын голға айналдыра алмады. Екінші таймның басында Роналду командасын есепте алға шығарған. Бұл Роналдудың спорттық мансабындағы 650-ші голы болатын. Алайда алаң қожайындарының қуанышы көпке созылмады. Қонақ команданың көшбасшы ойыншысы Гризманн арада үш минут өтпей жатып есепті теңестіріп кетті.
Ойынның қалған уақытында екі команда да жеңісті жұлып алатын мүмкіндік болған. Алайда қос команданың қақпашылары қырағылық танытып қақпаларына өзге гол жібермеді. Осылайша мадридтік дерби тең есеппен аяқталды
«Реал» - «Атлетико» 1:1 (0:0)
Голдар: Роналду 53 - Гризманн 56
«Реал»: Навас, Карвахаль, Рамос, Варан, Марсело, Кроос, Лукас Васкес, Асенсио (Иско 70), Ковачич (Модрич 71), Роналду (Бензема 61), Бэйл.
«Атлетико»: Облак, Годин, Савич, Лукас, Хуанфран, Партей (Гамейро 81), Ньигес, Коке, Витоло (Корреа 60), Гризманн, Коста (Габи 69).
Ескерту алғандар: Кроос 13, Витоло 16, Партей 33, Лукас Васкес 88, Лукас 89.