Марин Аничич: Маңызды жеңіске жеттік
«Астана» командасы Қазақстан Премьер-Лигасының төртінші туры аясында сырт алаңда павлодарлық «Ертіске» қарсы ойнап, 1:6 есебімен тас-талқан етті. Ойын соңында елордалық команда қорғаушысы Марин Аничич матч туралы өз пікірін білдірді, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.
- Командалас әріптестерімді және жанкүйерлерді бүгінгі маңызды жеңіспен құттықтаймын! Менің ойымша бүгін өте жақсы ойын көрсеттік. Бір өкініштісі, матч соңында аздап босаңсып, қақпамызға қажет емес гол жіберіп алдық. Ал ойын туралы айтар болсам, алғашқы таймды 1:0 есебімен аяқтап, екінші таймда жылдам гол соқтық. Одан кейін «Ертіс» командасы ашық ойынға шықты. Артынша, қарымта шабуылда өз мүмкіндіктерімізді мүлт жіберген жоқпыз.
- Алда команданы «Қайрат», «Ордабасы» және «Тобылға» қарсы үш ауыр ойындар күтіп тұр. Команда бұл теке-тірестер сериясына дайын ба?
- Егер бүгінгі ойынды есепке алатын болсақ, біз чемпионаттағы басты бәсекелестерімізге қарсы 4 ойын қатар ойнаймыз. Бүгінгі кездесудің нәтижесіне қарамастан, «Ертіс» жоғары орындарға таласатын команда болып қала бермек. Дегенмен, біз ойыннан ойынға ілгері жылжып отырмақпыз. Біздің ендігі бар ойымыз «Қайратпен» болатын кездесуде. Алматылықтарға қарсы ойын ылғи да қызықты болады және ол өте мығым қарсылас. Дегенмен, өзіңіз білетіндей біз тек жеңіс үшін алаңға шығамыз.
- Бүгін жас ойыншылар өздерін жақсы қырларынан көрсете білді. Тәжірибелі ойыншы ретінде, олардың ойынына қандай баға бересіз?
- Олар жарады! Бахтиер бүгін үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Менің ойымша, Зайнутдинов пен Перцух – болашығынан көп үміт күттіретін өте мықты жас ойыншылар.