Роналду кінәсін мойындаса испан салықшылары жазасын жеңілдетпек

Роналду кінәсін мойындаса испан салықшылары жазасын жеңілдетпек

Испаниялық салықшылар «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду төрт рет қаржылық алаяқтыққа барды деп есептейді.

El Mundo ақпаратына сүйенсек, егер Роналду имидждік құқықты пайдаланудан түскен қаржысын жасырғанын мойындаса, айыппұл көлемі екі есе азаяды. Сонымен қатар, португалиялық футболшы аз уақыт түрмеде отырып, үстіне 10 млн еуро беруге келісуі қажет.

Айта кетейік, былтыр осы оқиғаға қатысты сот ісі болып, Роналду өз кінәсін мойындамаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или