Дмитрий Шомко: Мақсат алаңға шығып, барынша жоғары ойын көрсету болды
Ел чемпионатының төртінші туры аясында өткен «Ертіс - «Астана» (1:6) матчынан кейін елорда командасының вице-капитаны Дмитрий Шомко ойын туралы пікірін айтты.

- Меніңше, біз екі таймда екі бөлек ойын көрсеттік. Алғашқы таймда «Ертіс» ұйымдасқан ұжымдық ойын көрсетіп, шабуыл жасауға мүлде мүмкіндік қалдырған жоқ. Ал екінші таймда павлодарлықтардың командасы қорғанысты ұмытып, алға қарай шабуылдаумен болды. Сондықтан ойын нәтижесі өздеріңіз көргендей болды.
- Өткізіп алған гол қуаныштарыңызға кері әсерін тигізген жоқ па?

- Әрине есепті сақтай алмай, гол өткізіп алғанымызға аздап өкініш бар. Өйткені, енді қақпашымыз Ненадтың голсыз өткізген матчтар санын ары қарай жалғастыра алмайды.
- Командаластарыңыз қарсыластардың ойыншыларын еркін алдап, алға оңай сытылып кетіп жатты. Мұндай табысты серияның құпиясы неде?

- Бізде соңғы жылдары бір ғана тапсырма беріліп жүр. Ол – қандай қарсылас екеніне қарамай, алаңға шығып, тек жоғары деңгейде ойын көрсету. Біз сауатты ойын көрсетіп, «Ертіске» еш мүмкіндік қалдырмадық.
- Бірінші тайм аяқталған соң «Ертіс» командасының капитаны Руслан Есімовпен жоғары дауыспен бір нәрсе туралы сөйлескеніңізді көрдік. Әңгіме не туралы болды?

- Руслан мен Патрик Твумаси ойын сәтінде бір-бірін түсініспей қалған болатын. Мен оған мәселе тек ойын жағдайда болғанын, ешқандай өкпе-реніш болмауын сұрадым. Басқа айтарлықтай артық әңгіме болған жоқ.
- Бүгінгі жеңіске жас футболшылар Юрий Перцух пен Бактиер Зайнутдинов көмегі орасан зор болды. Сендерді, командадағы жас ойыншылардың мұндай ойыны қамшыландырмай ма?

- Олар өте талантты футболшылар. Меніңше олар біздің орнымызды тек клубта емес, ұлттық құрамада да баса алады деп ойлаймын. Жас футболшылар алаңға шығып, өздерін дәлелдеу өте маңызды. Әсіресе, «Астана» сияқты мықты команда сапында. Ал гол салғандарына келсек, кімде мүмкіндік болды сол салды. Шындығында, кімнің гол соққаны маңызды емес, барлық команда жақсы ойнады. Алда бізді ұзақ жол күтіп тұр, бұл тек басы ғана.