Владимир Муханов: «Ақтөбе» бүгін жаман ойнаған жоқ

Владимир Муханов: «Ақтөбе» бүгін жаман ойнаған жоқ

«Ақтөбе» клубының бас бапкері Владимир Мухановтың «Ордабасыға» қарсы матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатында ойын туралы пікірімен бөлісті, деп жазады Prosports.kz сайты.

- Бүгінгі матчқа пікір білдіру маған оңай емес. Біздің команда бүгін жаман ойнаған жоқ. Ойын тұрғысында қарсыласқа есе жібере қойған жоқпыз. Тіпті кей уақытта алаң иелерінен басым ойнадық. Бірінші гол аяқ астынан болды. Алғашқы стандарттан-ақ өрескел қателестік. Содан соң Досмағамбетовтың керемет голы... Бұл біз үшін шок болды. Бірақ біз дереу есімізді жинап, ойынға қайта орала алдық. Бәлкім қауіпті сәттер аз болса да, ойын барысын бақылауда ұстадық. Үзіліс алдында бір голмен жауап қаттық. Екінші таймда ойынды өз пайдамызға шешеміз деген үміт болған. Бірақ, өкінішке орай, біз өте сақ ойнадық. Ойыншы ауыстырғанға дейінгі аралықта қауіпті ештеңе ұйымдастыра алмадық. Сосын қорғаныстағы қателік себепті үшінші голды жіберіп алдық. Кейін жаңа серпінмен шабуылға шыға бастадық. Жақсы мүмкіндіктеріміз де болды. Оларды дұрыс пайдаланғанымызда, есеп теңесер еді. Мүмкіндіктерімізді голға айналдыру мұң болды. Қайталап айтайын, ойын тең дәрежеде өтті.

- Бүгін қажетті голдарды соға алмадық дедіңіз. Онда неге алаңға Айымбетовты шығармадыңыз? Абат алғашқы турларда жақсы ойнады емес пе?

- Сізбен келісем. Бірақ Айымбетовтың жарақат алғандығын сіздің есіңізге салғым келеді. Біз оған сенім артамыз. Ол алдағы дүйсенбіден бастап жалпы топқа қосылуы тиіс. Трофимец те сондай жағдайда жүр. Игорь де жақын арада жарақатын жазып, командаға қосылады.

- Алаң сапасына қандай пікір білдіресіз?

- Бұл алаңда комбинациялық ойын көрсетуге болады. Кей жерлерінде кедір-бұдыр тұстары бар. Бүгін жаңбыр жауып, біршама тегістеліп қалды. Алаңға кінәрат жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или