«Қайрат» «Ақжайықты» ірі есеппен жеңді

«Қайрат» «Ақжайықты» ірі есеппен жеңді

«Қайрат» клубы ел біріншілігінің төртінші туры аясында Алматы қаласындағы Орталық стадионда «Ақжайықты» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ойындағы есепті алаң қожайындары ашты. 19-шы минутта алаң ортасына ойқастап келген Исаэль Барбоза күтпеген жерден соққы жасап, командасынданың алғашқы голын соқты.  Арада он бес минут өткен соң «Қайраттың» шабуылшысы есепті еселей түсті. Аршавиннен пас алған Уго Сильвейра қақпаны дәл көздеді. Екінші таймның соңына қарай алаңға тыңнан қосылған Георгий Жуков осы маусымдағы алғашқы голын соқты.

Осылайша, Карлос Феррердің шәкірттері өз алаңында «Ақжайықты» ұтып, үш ұпайды олжалады.

«Қайрат» - «Ақжайық» 3:0

Голдар: Исаэль 19', Уго Сильвейра 34', Жуков

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Нұрәлі Әліп, Акош Элек, Шелдон Бато - Ян Вороговский, Исламбек Қуат (К), Магомед Парагульгов, Исаэль Барбоза, Елдос Ахметов - Андрей Аршавин, Уго Сильвейра.

«Ақжайық»: Сергей Ткачук (Қ) - Юрий Путраш, Сергей Басов, Мирам Сапанов (К), Руслан Хаиров - Еркебұлан Нұрғалиев, Еркін Тапалов, Андрей Ткачук, Азат Ерсәлімов, Иван Антипов - Эсеола Адеринсола.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или