«Ордабасы» «Ақтөбеден» айласын асырды
Футболдан ел біріншілігінің 4-турында Шымкентте «Ордабасы» мен «Ақтөбе» кездесті.
Матч жылдам голмен басталды. 13-минутта Темірлан Ерланов ақтөбеліктердің қақпашысы Рамиль Нурмұхаметовтың қателігін орынды пайдалана алды. Араға төрт минут салып, Нұрмұхаметов тағы бір қателік жіберді. Бұл жолы Тимур Досмағамбетовтың қапталдан әуелеткен добын өз иелігіне өткізіп алды.
«Ақтөбе» сапынан бірінші тайм аяғында Хрвое Миличевич екі ойыншыны алдап өтіп, алыс бұрышты нысанаға алған. Жасур Нәрзіқұлов командасын құтқара алмады – 2:1.
Бірақ соңғы сөз «Ордабасы» ойыншыларында қалды. 66-минутта Иван Нагаев айып алаңына ене бере соққы жасаған – 3:1. «Ордабасы» жеңісті сериясын жалғастыруда.
Осылайша, шымкенттік команда 4 турдан соң 12 ұпай жинап, екінші орында келеді. Ал «Ақтөбе» төрт ұпаймен 7-ші орында қалды.