Жерард Нус: Ойындағы ең қуанышты сәт – команданың гол соққан сәті
«Астана» командасы Қазақстан Премьер-Лигасы ойындарының төртінші туры аясында сырт алаңда павлодарлық «Ертісті» 6:1 есебімен тас-талқан етті. Ойын соңында керекулік команда бас бапкері Жерард Нус матч туралы өз пікірімен бөлісті:
<span>- Біз үшін өте қиын ойын және өте ауыр нәтиже. Біз алғашқы таймда жақсы ойын көрсетіп, гол соғатын мүмкіндіктерге болдық. Алайда, ол мүмкіндіктерді сәтті пайдалана алмадық. «Астана» командасының ел чемпионы, ішкі біріншіліктің көшбасшысы екен3н білеміз. Бүгін біздің ойынымыз жүрген жоқ. Ойындағы ең қуанышты сәт – команданың гол соққан сәті. </span>
- Бірінші таймнан кейін ойыншыларыңызға не айттыңыз?
<span>- Мен командамның бірінші таймда көрсеткен ойынына ризамын. Біз екінші таймда толықтай басымдықты қарсыласқа беріп қойдық. Ойын соңына дейін ойнап, матч есебін өзгерткіміз келген. Алайда, ол қолымыздан келмеді. Біз ертеңнен бастап бүгінгі жіберген қателігімізді өзгерту үшін жұмыс жасайтын боламыз. </span>
- Фонсеканы алмастыруыңыздың басты себебі неде?
<span>- Бізге шабуыл шебіне өзгеріс енгізу қажет болды. Оған қоса чемпионатта легионерлерге белгіленген тәртіп бар. Сол себепті, бір шетелдік ойыншының орнына алаңға басқасын шығаруға тура келді. </span>
- Команда төртінші ойын қатарынан екінші таймда гол жіберіп келеді. Команданың физикалық мүмкіндігі төмен деп ойламайсыз ба?
<span>- Біздің командада физикалық дайындық турасында ешқандай мәселе жоқ. Біз екінші таймда «Астанамен» тең дәрежеде жүгірдік.</span>