Григорий Бабаян: Өзімізде болған барлық мүмкіндікті сәтті пайдалана алдық

Григорий Бабаян: Өзімізде болған барлық мүмкіндікті сәтті пайдалана алдық

«Астана» Қазақстан Премьер-Лигасы ойындарының төртінші туры аясында сырт алаңда павлодарлық «Ертісті» 6:1 есебімен тас-талқан етті. Ойын соңында елордалық команданың бас бапкері Григорий Бабаян матч туралы өз пікірімен бөлісті.

<span>- Бірінші таймда екі команда бірдей деңгейде ойын үлгісін көрсетті. Біз «Ертіс» командасының шабуыл шебіндегі күшін білген едік. Алайда, ойынның алғашқы бөлігінде қорғаныс шебінде бірнеше қателіктерге бой алдырып алдық. Ал екінші таймда ойынға аздаған өзгерістер енгізіп, ұйымшыл футбол ойнап, шабуылда қызуқандылық таныттық. Өзімізде болған барлық мүмкіндіктерді сәтті пайдалана алдық. Бүгінгі командамның жеңісін лайықты деп ойлаймын. Әрине, ойын соңында жіберіп алған гол көңілімізді түсіргені анық. Себебі, жазда Чемпиондар Лигасында өнер көрсететінімізді ескеретін болсақ, бізге чемпионатта бірінші минуттан, соңғы минутқа дейін тиянақты ойын көрсету қажет. Және сөз соңында дәл бүгінгі алаң сапасын ерекше атап өтер едім. Елімізде осындай алаңдар көп болса, футбол сапасы да жоғары болары анық. Бүгін стадионға келіп, футбол мерекесін ұйымдастыра білген жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын. </span>

- Ойынның есебі қаншалықты заңды деп ойлайсыз? 

<span>- Ойынның екінші таймын алып қарайтын болсақ, «Ертіс» 3:0 есебінен кейін футбол ойнады доғарды десем болады. Ойынның 55-ші минутына дейін екі команда тең дәрежеде ойнады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или