Алаң иелерінің жеңісі
Ел чемпионатының 4-турындағы үш кездесуде алаң қожайындары қонақтардан басым түсті.
Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» мен қызылордалық «Қайсар» кездескен. Матч тағдырын бір ғана гол шешті. 24-минутта Рауль Джалилов соққан гол «Жетісуға» маусымдағы алғашқы жеңісті сыйлады. Қорытынды есеп – 1:0.
«Жетісу» — «Қайсар» 1:0 (1:0)
Гол: Джалилов 24 (1:0).
Ал қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Атырауды» қабылдады. «Мұнайшылар» бұл ойыннан да құр қол кетті. 22-минутта Антон Шиндер есеп ашқан. Алайда үзіліске дейін «Атырау» қос доп соғып тастады. Алдымен, Марат Хайруллин өкшесімен әдемі гол соқса, кейін Джозеф Нейн қонақтарды алға шығарды. Бірақ 64-минутта Шиндер тағы бір гол соғып, таразы басын теңестіріп тастады. Ал жеңіс голын үш минуттан соң Джаба Канкава соқты – 3:2. «Тобыл» кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ал «Атырау» әлі ұпай еншілей алар емес.
«Тобыл» — «Атырау» 3:2 (1:2)
Голдар: Шиндер 22 (1:0), Хайруллин 27 (1:1), Нейн 40 (1:2), Шиндер 64 (2:2), Канкава 68 (3:2).
«Шахтер» мен «Қызыл-Жар СК» арасындағы матч тағдырын алғашқы он минут шешіп тастады. 4-минутта Дамир Кояшевичтің алыстан бағыттаған соққысы қақпа «тоғыздығына» дәл барған. Ал 8-минутта Александр Мигунов есепті еселеді. Бұл есеп ұзақ уақыт бойы таблода сақталып тұрды. Тек 92-минутта ғана Бранислав Пуношевац есеп айырмасын қысқартты. Қорытынды есеп – 2:1, «кеншілер» үш ұпай олжалады.
<span>«Шахтер» — «Қызыл-Жар СК» 2:1 (1:0) </span>
<span>Голдар: Кояшевич 5 (1:0), Мигунов 8 (2:0), Пуношевац 90+1 (2:1). </span>