«Астана» «Ертіс» қақпасына алты гол соқты

«Астана» «Ертіс» қақпасына алты гол соқты

Қазақстан Премьер-лигасының 4-турында елордалық «Астана» павлодарлық «Ертіске» қонаққа барған.

Матч жанкүйерлер күтпеген нәтижемен аяқталды. Ел чемпионы алаң иелерін 6:1 есебімен тас-талқан етті.

Бірінші таймда жанкүйерлер бір ғана гол көрген. 42-минутта Бақтиер Зайнутдинов қонақтарды алға шығарды.

Үзілістен кейін командалар екеулеп жүріп тағы бес гол соқты. Екінші тайм басында Зайнутдинов хет-трик жасап тастады.

65-минутта Роман Мұртазаев қанжығасын майлады. Ал бес минуттан соң Юрий Перцух «Астананың» бесінші голын соқты. Марин Томасов та голсыз кетпеді – ол 87-минутта көзге түсті.

Матч аяқталар тұста бұл алты голға «Ертіс» Эдди Эрнандестің бір добымен жауап қатты.

«Ертіс» — «Астана» 1:6 (0:1)

Голдар: Зайнутдинов 42 (0:1), Зайнутдинов 50 (0:2), Зайнутдинов 62 (0:3), Мұртазаев 65 (0:4), Перцух 70 (0:5), Томасов 87 (0:6), Эрнандес 88 (1:6).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или