Ибрагимович: ФИФА маған кедергі келтіре алмайды
«Лос-Анджелес Гэлакси» шабуылшысы Златан Ибрагимович ФИФА-ға жауап берді.
Айта кетейік, бұған дейін Ибрагимович букмекерлік компанияның жарнамасына түскен еді. Ол сол компанияда басшылардың бірі саналады. Ал ФИФА ережесі бойынша әлем чемпионатына баратын футболшылардың букмекерлерге еш қатысуы болмауы қажет. Сондықтан, ФИФА Ибрагимовичке биыл Ресейде өтетін әлем чемпионатына қатысуға тыйым салған болатын.
«ФИФА маған ешқандай кедергі келтіре алмайды. Егер мен бір жаққа барғым келсе, сол жаққа барамын. Бұл құрамаға да қатысты: егер құрамада ойнағым келсе, солай болады. Мұның ФИФА-ға қатысы жоқ, бұл менің шаруам», - деді швециялық форвард.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или