Душан Савич: «Ақтөбенің» басшылары мені алдағысы келді
Қазақстандық футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс сербиялық Душан Савич Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында «Ақтөбенің» үстінен ФИФА-ға арыз жазғанын айтты.
- ҚПЛ-да Душан Савич жетіспей жүр. Маусым аралық үзілісте қазақстандық клубтардан ұсыныс түспеді ме?
- Көптеген агенттер хабарласқан, бірақ салмақты ұсыныс болған жоқ. Өкінішті, әрине, Қазақстандағы ойынға үйренісіп қалған едім. Бірақ бұл – өмір ғой.
- Соңғы клубыңыз «Ақтөбеде» қазір қандай қиындықтар бар екенін білетін боларсыз. «Ақтөбе» сізге қарыз ба?
- Әрине, қарыз.
- Неше ай жалақы алмадыңыз?
- Бір жарым айдың ғана жалақысын алдым. Келісімшартым биылға да жарамды еді. Олар келісімшартты бұзып, мені алдағысы келді. Бірақ мен ФИФА-ға бұрынырақ арыз жазып тастағанмын, себебі кіммен жұмыс істеп жатқанымды түсіндім. Сондықтан, менің ісім қазір ФИФА-да.
- Рақмет. Клубта қандай мәселелер болса да, «Ақтөбе» жанкүйерлері сізге үлкен қолдау көрсеткен. Оларға айтарыңыз бар ма?
- Сөзсіз, олар - ең үздік жанкүйерлер. Олар соңғы бірнеше жылда болған осы проблемаларға лайықты емес. Бірақ қазір басшылыққа жаңа адамдар келді, енді бәрі жақсы болады деп ойлаймын.