Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 17 сатыға көтерілді
Қазақстан Ұлттық құрамасы ФИФА-ның жаңартылған рейтингісінде 119 орынға табан тіреді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span> Қазақстан құрамасы жаңартылған тізімде 17 сатыға көтеріліп, 119 орынға жайғасқан. Көш басында Германия құрамасы болса, Бразилия екінші орынға тұрақтаған. Үздік үштікті Бельгия құрамасы түйіндеп тұр. </span>
<span>Айта кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында екі жолдастық ойын өткізді. Венгрия құрамасына қарсы матчта 3:2 есебімен жеңіске жетсе, Болгарияға 2:1 есебімен есе жіберді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или