Алаң иелері қонақжайлық танытпады

Алаң иелері қонақжайлық танытпады

Сәрсенбіде УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалындағы алғашқы матчтар аяқталды.

«Камп Ноуда» каталониялық «Барселона» италиялық «Романы» қабылдаған. Матч есебін 34-минутта Даниэль Де Росси ашты. Италиялықтардың өкінішіне қарай, ол допты өз қақпасына соғып алды. Екінші таймның басында «Рома» ойыншылары «Барселона» үшін тағы бір голды соғып берді. Бұл жолы Константинос Манолас допты өз қақпасында тулатты.

59-минутта каталониялықтардың өздері де гол соқты. Жерар Пике есепті 3:0-ге жеткізген.

80-минутта Эден Джеко есеп айырмасын қысқартып, «Романың» қарымта ойын алдында жағдайын жақсартқандай болған. Алайда матч соңында Луис Суарес мергендік танытып, матч нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 4:1. 5 голдың үшеуін «Рома» ойыншылары соқса да, ірі есеппен ұтылып қалды.

Ал «Энфилдте» Англияның қос клубы кездесті. «Ливерпуль» «Манчестер Ситиді» қонақ қылған. Алаң иелері шаруаны кейінге қалдырмай, бірден іске көшті. 12-минутта команда сұрмергені Мохамед Салах есеп ашты. 21-минутта Алекс Окслейд-Чемберлейн жойқын соққымен есепті еселеді. Араға он минут салып, «мерсисайдтықтар» үшінші голын соқты. Салах әуелеткен допты Садио Мане қақпада тулатты. Екінші таймда қонақтар есеп айырмасын қысқартуға тырысқанымен, «Ливерпуль» қорғаныста сауатты ойнады. Қорытынды есеп – 3:0.

Енді қарымта матчтар 10 сәуірде өтеді. Кеше ширек финал аясындағы ойындарда қонақтар жеңіске жеткен еді: «Реал Мадрид» <span>«Ювентусты» (3:0) тас-талқан етсе, «Бавария» «Севильядан» (2:1) айласын асырды. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или