Ибрагимович – Роналдудың голы жайында: Енді солай 40 метрден теуіп көрсін
«Лос-Анджелес Гэлакси» шабуылшысы Златан Ибрагимович «Реал» форварды Криштиану Роналдудың Чемпиондар лигасы ширек финалында «Ювентус» қақпасына соққан голы жайлы пікірін айтты.
Роналду 64-минутта қайшылай соққы жасап, әдемі гол соққан болатын. «Реал» туриндік команданы 3:0 есебімен тас-талқан етті.
«Бұл әдемі гол болды, бірақ енді бұлай 40 метрден теуіп көрсін», - деді Ибрагимович.
Осылайша, Ибрагимович өзінің 2012 жылы Англия қақпасына соққан голын еске түсірді, сол ойында швед 40 метрден қайшылай дәл соққы бағыттаған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или