Жанкүйерлерге жүрегін ұстап, басын иген Роналдуға жұрт тәнті болды

Жанкүйерлерге жүрегін ұстап, басын иген Роналдуға жұрт тәнті болды

Мадридтік "Реалдың" басты жұлдызы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасының тарихындағы ең керемет голдардың бірін соқты. Оның шеберлігіне тіпті қарсылас команданың жанкүйерлері де тәнті болған, деп хабарлайды NUR.KZ

Туриндегі кездесу барысында Роналду аты аңызға айналған Джанлуиджи Буффонның қақпасына екі гол салды. Алайда, ең есте қалғаны – ойынның 64-ші минутындағы соғылған португалдық жұлдыздың екінші добы.

ФоÑо: sports.ru

Роналдудың тәжірибесі мен шеберлігіне тіпті итальялық жанкүйерлер де тәнті болды. «Альянц Стадиумге» жиылған көпшілік орындарынан тұрып, әйгілі аяқдопшыға өз шапалақтарын жаудырды.

Қарсылас команда жанкүйерлерінің бұл кошаметіне Роналду жылы лебізімен өз алғысын білдірген.

Оған қоса, португалдық футболшы Чемпиондар Лигасында қатарынан 10 ойында гол соққан алғашқы футболшы атанды. Ол Руд Ван Нилстеройға тиесілі болған рекордтан асып түсті.

Криштиану Роналду даңқты Буффон қақпасына 9-шы голын соққан. Бұл көрсеткішке әлі ешбір ойыншы жеткен жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или