RomaSport
Басқа

ШҚО-да хоккейден ҚР чемпионаты өтуде

ШҚО-да хоккейден ҚР чемпионаты өтуде
news-banner7
mobile-news-top

Өскеменде шайбалы хоккейден 2002 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының төртінші туры өтуде. Төртінші турдың үздігі атануға айдын иелерінен бөлек, бес ұжым жарыс жолына шықты.

Атап айтсақ, Алматы қаласынан келген «Алматы», елордалық «Астана», Көкшетау қаласының «Арлан» және Петропавл қаласының «Құлагер» және Павлодар облысының командасы сайысқа түсуде. Бұл сында Шығыс Қазақстан облысының намысын ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО хоккейден мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» КММ-нің «Торпедо» командасы қорғауда. Өскемендік бұл ұжым чемпионат аясында өткен бұған дейін ойындар бойынша көш басында тұр.Өңір намысын қорғап жатқан жас хоккейшілер ұпай саны бойынша қарсыластарынан едәуір ұзап кетті.

– «Торпедо» командасының ойыншылары төрт тур бойы жинаған ұпай саны бойынша мерзімінен бұрын бірінші орынға жайғасты. Десе де, ертең негізгі қарсыластарымыздың бірі саналатын астаналық командамен кездесу өткіземіз. Жас хоккейшілердің осы маусымда сәтті өнер көрсетуіне бапкерлік құрам да біршама жүйелі жұмыстар атқарды, – деді «ШҚО хоккейден мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» КММ директоры Виктор Быстрянцев.

Айта кетейік, бұл тур ел чемпионаты аясында, жоғарыда аталған жас ерекшелігі бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтайтын соңғы жарыс болып табылады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер