Сейдахметтің командасы бас бапкерімен келісімшартын ұзартты

Сейдахметтің командасы бас бапкерімен келісімшартын ұзартты

«Уфа» командасының бас бапкері Сергей Семак клубпен жаңа келісімшартқа қол қойды. Жаңа еңбек келісімі екі жылға жасалды. Бұл туралы «Уфа» клубының ресми сайты хабарлады.

Ресейлік маманның клубпен жасаған соңғы келісімшарты осы жазда аяқталады. Семак 2016 жылдың желтоқсанынан бері «Уфаны» басқарып келеді.

Қазіргі уақытта «Уфа» командасы Ресей Премьер лигасының турнирлік кестесінде алтыншы орында келеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Уфа» командасының сапында қазақ футболының үміті, жас шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или