Ұлттар лигасындағы қарсыласымыздың бас бапкері қызметінен кетті

Ұлттар лигасындағы қарсыласымыздың бас бапкері қызметінен кетті

Латвия ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Старков қызметінен кетті. Бұл шешім 3 сәуірде өткен Латвия футбол федерациясының кезектен тыс отырысында қабылданды, деп хабарлайды отандық басылымдар.<br /><br />Бас бапкердің құрамадағы болашағы шешілген отырыста Федерация басқармасының алты мүшесі Старковтың орнынан кетуі үшін дауыс берді. Тағы үш адам бапкердің орнында қалуын сұрап дауыс берген.<br /><br />62 жастағы маманның жұмыстан қуылуына 25 наурызда Гибралтар құрамасына қарсы өткен жолдастық кездесу себеп болып отыр. Аталған ойында Латвия құрамасы әлемдік рейтингіде 206-шы орында тұрған Гибралтар құрамасына 1:0 есебімен ұтылып қалған болатын.

Айта кетейік, Латвия құрамасы күзде өтетін Ұлттар лигасында біздің құрамамен бір топта өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или