Аңыз! Икер Касильяс кәсіби деңгейде 1000 матч өткізді
Португалия Премьер лигасының 28-ші туры аясында өткен «Белененсеш» - «Порту» кездесуі 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді, деп жазады prosports.kz сайты.

Дәл осы ойында негізгі құрамда шыққан қонақтардың қақпашысы Икер Касильяс өзінің спорттың мансабындағы 1000-шы кездесуін өткізді.

36 жастағы испаниялық аңыз қақпашы бұл 1000 матчтың 725-ін өзінің туған командасы «Реал Мадрид» сапында өткізді. Клубтық деңгейде бар болғаны екі командада ғана ойнаған Икер «Порту» жейдесінде 108 ойынға қатысты. Ал Испания құрамасы үшін 167 кездесуде алаңға шықты.

Касильяс спорттық мансабында 1000 ойын өткізген екінші испаниялық. Икерден бұрын бұл биікке Рауль Гонсалес жеткен болатын. Касильястің бұрынғы командаласы, «Реал Мадрид» пен Испания құрамасының аңызы Рауль футболшылық мансабында 1033 матч өткізген екен.