Твумаси «Қайсарға» қарсы төртінші ойын қатарынан көзге түсті

Твумаси «Қайсарға» қарсы төртінші ойын қатарынан көзге түсті
«Астана» Премьер-Лига ойындарының үшінші туры аясында қызылордалық «Қайсарды» 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz cайты елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, елордалық ойыншылар «Қайсарға» қарсы өткізген 19 ойынның, соңғы 15-інде жеңісті нәтижені тіркеді.

Аталмыш кездесуде екінші голды соққан Роман Муртазаевтың голы, елордалық команданың «қасқарлар» қақпасына соққан 45-ші добы ретінде тіркелді. Осылайша, доп айырмасы 45:13-ке жетті. Александр Григоренко қақпасына соғылған алғашқы голдың авторы Патрик Твумаси қызылордалық команда қақпасына 6-шы голын соқты және оның еншісіндегі 3 нәтижелі пасты есепке алатын болсақ, ганалық шабуылшы «Астана» - «Қайсар» арасындағы теке-тірестердің үздік сұрмергендерінің көшін бастап тұр. Айта кетейік, Патриктің 31 наурыздағы соққан голын қосқанда, ол «Қайсарға» қарсы соңғы 4 ойында нәтижелі соққысымен көзге түскен.  Өткен маусымдағы алғашқы екі ойында бір-бір голдан соқса, үшінші айналым аясындағы кездесуде 2 нәтижелі пас берген.

Осы ойында екі асист жасаған Марин Томасовқа, астана-қызылорда теке-тіресінің үздік 5 сұрмергендері тізімінен Сергей Остапенконы ығыстыру үшін бір ғана нәтижелі пас жетпей тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или