Марко Станоевич Panna турниріне қатысты
1 сәуір күні «Балдаурен» балалар ойын-сауық орталығында «Астана» футбол клубының, Қазақстан фристайл Федерациясының, Қазақстан футбол Федерациясының және де «Life Football» спорт дүкенінің қолдауымен 2003-2012 жылы туған балалар арасында «Panna» турнирі өтті.
Турнир аясында жас бүлдіршіндер бірге-бір кіші қақпаға қарсы ойнады. Жалпы турнирге 50-ден астам жас спортшы өтініш білдірген. Оның басым бөлігі «Астана» футбол орталығында тәрбиеленіп келе жатқан балалар.
Жеңімпаздарды және екі топтағы жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Қазақстанның төрт дүркін чемпионы сапынан жартылай қорғаушысы Марко Станоевич қатысты. Ресми бөлімнен кейін сербиялық ойыншы балалармен әңгімелесіп, қолтаңба беріп, естелік суреттерге түсті.
Бұдан басқа, «Қайырымдылық Астана» клубының екі үлкен отбасы осы іс-шараға шақырылып, балаларға «Балдәурен» балалар ойын-сауық орталығында көңіл көтеру мүмкіндігі берілді. Ал «Астана» футбол клубы Қазақстанның Фристайл федерациясымен бірге екі отбасына шағын сыйлықтар дайындады.