«Уфаның» бас бапкері Сейдахметтің неге ойнамағанын түсіндірді
«Уфаның» бас бапкері Сергей Семак Ресей чемпионатының 24-турында «Зенитке» қарсы матчта Еркебұлан Сейдахметті неге алаңға шығармағанын айтты.
- Сейдахметті неге шығармадыңыз?
- Бізде лимит бар, кімнің орнына шығарамын? Матч соңына таман шығара алмадық, сондықтан Павел Аликин шықты. Ресейлік футболшының орнына басқа ресейлікті шығара алдық.
Естеріңізге салсақ, «Уфа» өз алаңында «Зениттен» 1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын. Сейдахмет қосалқы құрамда болғанымен, алаңға шыққан жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или