Ел не демейді ...
Күрес

Мирзаев: Біздің теке-тіресте нүкте қойылды

Мирзаев: Біздің теке-тіресте нүкте қойылды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда аралас жекпе-жек пен грепплингтен Fight Nights Global 86 турнирі өтті. Ал «Қазақстанға енді келмеймін» деген ресейлік файтер Расул Мирзаев ақыры осы жарысқа қатысып, жерлесіміз Ержан Естановпен грепплинг спорт түрі бойынша күш сынасты. Үшінші кездесуде де жеңіске жеткен «Қара жолбарыс» пікірімен бөлісті.

- Бүгінгі кездесуде жанкүйерлердің көңілінен шығатын күрес көрсеткім келді. Барлық Алматылықтарға біздің айқас ұнады деген ойдамын. Шынын айтқанда, кездесуге мені ағам дайындады. Жігерді де сол берді. Оның кеңестерінің арқасында жеңіске жеттім. Сіздерге жеңіл көрінгенімен, жекпе-жек қиынға түсті. Осы сәтті пайдалана отырып, Ержанға алғыс айтқым келеді. Ол қазақтың батыры. Ол нағыз жауынгер. Алайда, спортта жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Бүгін менің жолым болды. Осымен екеуміздің арамыздағы теке-тіреске нүкте қойылды деп ойлаймын.

- Сіздің пікіріңзше Қазақстандағы ең үздік файтер кім?

- Мен жауынгерлердің өнерін көп бақыламаймын. Бірақ ACB промоушенында Арман Оспанов өнер көрсететінін білемін. Көптеген ММА жанкүйерлері мені одан қашып жүр дейді. Алайда мен ол ақпаратты жоққа шығарамын. Арманмен кездесу жайлы талқылау жұмыстары ғана жүрді. Нақты бір ұсыныс не келіссөз болған емес. Оспанов соңғы кездесуінде Полпудниковке қарсы жақсы айқасты. Меніңше, ол кездесу тең аяқталу керек еді. Сонымен қатар, Арманға алдағы жекпе-жекте жеңіс тілеймін. Оның қарсыласы тәжірибелі спортшы екені барлығына мәлім.

- Бұған дейін «Қазақстанға енді аяқ баспаймын» дедіңіз ...

- Ойыңызды түсіндім. Негізі алматылықтардан кешірім сұрағым келіп отыр. Бүгін жанкүйерлер мені жылы қарсы алғанына таң қалдым. Қазақтар мықты халық. Сіздерді қатты сыйлаймын. Айта кетерім, тағамдарыңыз өте құнарлы. Алайда әлі көп нәрсені көріп үлгермедім. Сол себепті алдағы күндері Алматыда қалып, салт-дәстүрлеріңізбен танысамын деген үміттемін.

- Хабиб Нұрмагомедов пен Тони Фергюссон жекпе-жегіне болжамыңыз қандай?

- Мен болжам жасауды ұнатпаймын. «Эль Кукуй» осал қарсылас емес. Қатарынан он кездесу жеңіске жетті. Біздің «Қыран» биік самғап, жеңіске жетуі тиіс. Не болса да Хабибке жанкүйер боламыз.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер