Мұртазаев ҚПЛ-дің үздік 100 сұрмергені қатарына енді

Мұртазаев ҚПЛ-дің үздік 100 сұрмергені қатарына енді

«Астананың» шабуылшысы Роман Мұртазаев ҚПЛ-дің 3-турында «Қайсар» қақпасына бір гол соққан болатын.

Роман үшін бұл Қазақстан Премьер-лигасындағы 34-ші гол болып отыр. Соның арқасында, ол ҚПЛ-дің ТОП-100 бомбардирі қатарына енді.

Мұртазаев осы 34 голды үш клуб сапында соғып шықты: «Шахтерде» 9 гол, «Ертісте» 18 гол және «Астанада» 7 гол.

Премьер-лигада осынша гол соғу үшін оған 131 матч қажет болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или