«Жетісу» алғашқы ұпайын алды, «Қызыл-Жардың» жолы болар емес

«Жетісу» алғашқы ұпайын алды, «Қызыл-Жардың» жолы болар емес

Бүгін ҚПЛ-дың тағы екі матч өтіп, осымен 3-тур мәресіне жетті.

Қарағандылық «Шахтер» Талдықорғаннан келген қонақтарды «Астана Аренада» күтіп алуға мәжбүр болды. Қос команда да сырт алаңда ойнағандай әсерде болды ма, әйтеуір, матч жеңімпазы анықталған жоқ. Бірінші тайм аяқталар тұста Сергей Шафф «кеншілерді» алға шығарған. Алайда 81-минутта «Жетісу» футболшылары таразы басын теңестіріп тастады.

Осылайша, «Шахтер» 4 ұпаймен 6-шы орынға көтерілді. Ал талдықорғандық клуб маусымдағы алғашқы ұпайына қол жеткізіп, 10-шы сатыға тұрақтады.

«Шахтер» - «Жетісу» - 1:1 (1:0)

Голдар: Шафф 45 (1:0) – Хромцов 81 (1:1)

Астана. «Астана Арена» стадионы.

Бейнешолу:

Ал Петропавлда ұзақ уақыттан бері алғаш рет Премьер-лига матчы өтті. Стадионға «Қызыл-Жар СК» ұжымын қолдау үшін 6 мың жанкүйер келген. Алаң иелері де өз фанаттарының алдында алғашқы ұпайына қол жеткізуге тырысты. Бірақ «Тобылға» азуын батыра алған жоқ.

22-минутта Тимур Мульдинов алаң иелерін алға шығарған. Алайда үзілістен кейін қостанайлық қонақтар жауапсыз қос доп тоғытты. Алдымен, Таңат Нөсербаев таразы басын теңестірсе, кейін Федин қанжығасын майлады.

Әлі ұпай ала алмай жүрген «Қызыл-Жар СК» соңғы орында тұр. Ал «Тобыл» алты ұпайға қол жеткізіп, 5-ші сатыға көтерілді.

«Қызыл-Жар СК» - «Тобыл» -1:2 (1:0)

Голдар: Мульдтнов 22 (1:0) – Нөсербаев 54 (1:1), Федин 79 (2:1)

Петропавл. «Қарасай» стадионы.

Бейнешолу:

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или