Марин Аничич: Матч өте қиын болды

Марин Аничич: Матч өте қиын болды

«Астана» үшінші тур аясында өз алаңында «Қайсарды» 2:0 есебімен жеңіп, чемпионатта гол жібермеген ойындары сериясын тағы бір матчқа арттырды. 

<span>«Құрғақ» ойындар сериясы, матч және команданың алдында тұрған міндеттер туралы клубтың баспасөз қызметіне еліміздің төрт дүркін чемпиондарының қорғаушысы Марин Аничич өз ойымен бөлісті:</span>

<span>— Баршаны жеңіспен құттықтаймын! Матч қиын болды, негізі өзіміз де осылай боларын күтіп едік, өйткені құрама ойындарынан кейін оралу қашанда қиындық тудырады. Әрине, тағы да гол соғуымыз мүмкін еді, гол жіберіп алуымыз да мүмкін болатын. Бастысы, біз жеңдік. Өз кемшіліктерімізді дұрыстап, өз жұмысымызды істей береміз. </span>

— Команда чемпионатта гол жібермеген жалғыз команда болып отыр. Ұжымдағылар бұған қалай қарайды, осы серияны жалғастырайық деген қосымша ынта бар ма? 

<span>— Енді оқиғалардың өрбуі осылай болып отыр ғой. Өздеріңіз көрдіңіздер, бүгін қарсылас бізге гол соғатындай мүмкіндіктерге ие болды. Дегенмен, әрине, бұл ұнамды статистика, біз де осы серияны алдағы турларда жалғастыруға тырысамыз. </span>

— Алда турнир кестесінің жоғарғы орындарында келе жатқан «Ертіс» пен «Қайратқа» қарсы екі қиын ойын тұр. Команда осы ойындарда жеңіс сериясын жалғастыра ала ма? 

<span>— Ойындарды бірінен соң бірін өткізе береміз. Алдымен «Ертіс» туралы ойланамыз, оларға қарсы сырт алаңда ойнаймыз. Павлодардағы ойындар үнемі қиын болған, бірақ біз дайындалып, әдеттегідей, жеңуді мақсат ете алаңға шығамыз.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или