«Астана» өз алаңында «Қайсарды» жеңді

«Астана» өз алаңында «Қайсарды» жеңді

Қазақстан Премьер лигасының үшінші туры аясында «Астана» командасы өз алаңында «Қайсарды» қабылдап, жеңіске жетті.

«Астана Аренада» өткен кездесу елордалықтардың екпінді шабуылымен басталды. Осы қарқынмен Бабаян шәкірттері алғашқы 15 минутта екі гол соғып тастады. 9-шы минутта Патрик Твумаси, 15-минутта Роман Муртазаев гол соғып көзге түсті.

Қызылордадан келген қонақтар қорғана жүріп шабуылдап, Астанаға алыстан бекер келмегендерін дәлелдеуге тырысты. Бірақ, гол соғуға күштері жетпеді. Бар қолдарынан келгені, ойынның қалған бөлігінде қақпаларына үшінші голды жібермей, сауатты қорғана білді.

«Астана» - «Қайсар» 2:0 (2:0)

Гол соққандар: Твумаси 9, Муртазаев 15

«Астана»: Ненад Эрич (Қ) (К) - Абзал Бейсебеков, Евгений Постников, Марин Аничич, Дмитрий Шомко - Ласло Кляйнхайслер, Иван Маевский, Марко Станоевич - Патрик Твумаси, Марин Томасов, Роман Муртазаев.

«Қайсар»: Александр Григоренко (Қ) - Иван Граф, Абдель Азиз Ламанж, Ильяс Амирсеитов, Дмитрий Евстигнеев - Мақсат Байжанов (К), Матиас Курьор, Пол Ооко Вере, Валерий Коробкин, Асхат Тағыберген - Тоқтар Жаңғылышбай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или