«Ақтөбе» - «Қайрат»: Тікелей трансляция
Қазақстан Премьер лигасының үшінші туры аясында өтетін «Ақтөбе» - «Қайрат» кездесуі басталды. Матчты Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының youtube желісіндегі ресми арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Қос команданың алаңға шығатын негізгі құрамы:
«Ақтөбе»: Нұрмұхаметов, Каиров, Какимов, Сәулет, Милишевич, Симчевич, Фабрисио, Рейналдо, Радин, Морис, Волков
«Қайрат»: Покатилов, Бато, Элек, Әліп, Вороговский, Исаэль, Қуат, Исламхан, Сүйімбаев, Уго, Аршавин
Төрешілер: Игорь Алешин (Павлодар), Дмитрий Будниченко (Экибастуз), Дмитрий Белоградов (Павлодар)
Екі команданың соңғы кездесулері:
08.03.17 ж. «Қайрат»-«Ақтөбе» - 1:0
30.07.17 ж. «Ақтөбе»-«Қайрат» - 1:2
05.11.17 ж. «Қайрат»-«Ақтөбе» - 3:2
Бүгін алаңға киіп шығатын формалары:

Тікелей эфир:
15:00 Матч басталды. Допты ойынға «Қайрат» командасы қосты.
15:11 Шымкентте өтіп жатқан кездесуде «Ақтөбе» командасы алдымен есеп ашты. Қарсыластың шабуылын тойтармақ болған «Қайраттың» қорғаушысы Шелдон Бато өз қақпасына гол соғып алды.
15:18 Араға аз ғана уақыт салып «Қайрат» Есепті теңестіріп кетті! Аршавинмен тізе қоса шабуылдаған Исаэль алматылықтар үшін алғашқы голды соқты.
«Ақтөбе» командасы соққан гол:
«Қайраттың» есепті теңестірген сәті:
15:32 «Ақтөбенің» өте қауыпты шабуылы орын алды. «Қайраттың» қорғаушылары екінші автоголды соғып алудың аз-ақ алдында қалды.
15:38 Аршавиннің айып алаңының сыртынан бағыттаған жойқын соққысы «Ақтөбе» қақпасын жанай ұшты.
15:46 Бірінші тайм аяқталды. Есеп 1:1
16:02 Екінші тайм басталды. Командалар құрамында өзгеріс жоқ.
16:10 Бауыржан Исалмханның алыстан бағыттаған соққысы қауіпті шықты.
16:11 «Ақтөбе» шабуылшылары әдемі гол соққан еді. Өкініштісі, бір футболшысы ойыннан тыс қалып кеткен екен. Гол есепке алынбады.
16:20 «Қайрат» сапында ойыншы алмасты. Сүйінбаевтің орнына Соколенко шықты.
16:25 «Ақтөбе» сапында ойыншы алмасты. Рейналдоның орнына Пиззелли шықты.
16:32 «Ақтөбе» сапында ойыншы алмасты. Какимовтың орнына Юрин алаңға шықты.
16:35 «Қайрат» сапында ойыншы алмасты. Қуаттың орнына Анене ойынға қосылды.
16:44 «Қайрат» сапында ойыншы алмасты. Исаэльдің орнына алаңға алматылықтардың жаңа ойыншысы Фелипе шықты.
16:47 ойынның негізгі уақытына 5 минут қосылды.
16:53 Ойын аяқталды. Есеп 1:1