Месси «Севильямен» және «Ромамен» ойнамауы мүмкін
«Барселонаның» көшбасшысы Лионель Месси жарақатына байланысты алдағы матчтарда өз командасына көмектесе алмауы мүмкін.
Каталониялық клуб 31 наурызда Испания чемпионатының 30-турында «Севильяға» қонаққа барады. Кейін Чемпиондар лигасының ширек финалында 4 сәуірде «Ромамен» күш сынасады. Месси бұл екі ойынды да жіберіп алуы ықтимал.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, аргентиналық футболшы оң жақ санын жарақаттап алған.
Осы маусымда Лионель Месси «Барселона» сапында 43 матч өткізіп, 35 гол мен 16 нәтижелі пастың авторы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или