Қытайлық клуб Капеллоны екі жеңілістен соң қызметінен кетірді
Қытайлық «Цзянсу Сунин» команда бас бапкері Фабио Капеллоны қызметінен босатты.
Италиялық маманның жаттықтыруымен клуб жаңа маусымдағы алғашқы үш матчтың екеуінде жеңіліп қалған. Сондай-ақ, Капелло мен клуб басшылығы арасында қарым-қатынас бұзылған екен.
71 жастағы бапкер «Цзянсу Сунинді» 2017 жылы маусымнан бері жаттықтырған. Оның қытайлық клубтағы жалақысы жылына 8 миллион еуро болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или