Балуандарымыз Болгариядан екі медальмен оралды

Балуандарымыз Болгариядан екі медальмен оралды

Наурыздың 23-25 аралығында Болгарияның София қаласында Дан Колов пен Никола Петров атындағы дәстүрлі турнир өтті. Бұл туралы ҚР күрес федерация хабарлады. 

Екі күнге созылған турнир барысында күрестің үш түрінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қазақстанның әйелдер құрамасы бұл сында 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

55 келі салмақта күрескен Марина Седнева алғашқы айналымда чехиялық балуаннан айласын асырса, екінші айналымда болгариялық бойжеткеннен басым түсті. Өкінішке қарай, финалда Польша балуаны Рокасана Засинадан 2:4 есебімен ұтылып, күміс медальды қанағат тұтты.

76 келіде күрескен Гүлмарал Еркебаева бірінші айналымда перулік қарсыласын ұтып еді. Алайда, екінші белдесуінде Рио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері Екатерина Букинадан ұтылып қалды. Ресейлік балуан финалға шыққаннан кейін Гүлмаралға қола медаль үшін күресуге мүмкіндік туып, балуанымыз екі бірдей қарсыласын жеңіп, турнирдің қола жүлдегері атанды. Алдымен ол жұбаныш (утишительный) белдесуде норвегиялық бойжеткеннен айласын асырса, қола медаль үшін венгриялық қарсыласын қапы қалдырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или