«Қайратқа» бразилиялық футболшы ауысуға жақын

«Қайратқа» бразилиялық футболшы ауысуға жақын
Алматылық «Қайрат» футбол клубы бразилиялық футболшы Хуан Фелипе Алвес Рибейромен келісімге келуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Болжам бойынша, Шабуылшы «Қайрат» командасымен 1+1 жүйесіндегі келісімшартқа қол қойды. 

30 жастағы футболшы мансабын өз елінің «Санту-Андре» командасында бастаған. Одан кейін де өз елінің бірқатар клубтарында доп тепті.

Ал Еуропаға 2014 жылы келді. Софиялық ЦСКА сапында өткізген бір маусымнан кейін, македониялық «Вардарға» ауысқан. 

Осы команда сапында көрсеткен нәтижелі өнері қазақстандық клубтың назарын аударған көрінеді.
Соңғы клубында 87 ойынға қатысып, 23 гол соғыпты.

2017 жылы Фелипе «Вардар» сапында Еуропа лигасының топтық кезеңінде алты матчқа қатысып, бір гол соқты және бір нәтижелі пастың авторы атанған. Ал Македония чемпионатында 23 рет алаңға шығып, 7 рет мергендігімен көзге түсті. Сондай-ақ, алты рет әріптестеріне нәтижелі пас берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или