UEFA Еуродода матчтарының басталу уақытына өзгеріс енгізді

UEFA Еуродода матчтарының басталу уақытына өзгеріс енгізді

Еуропа футбол қауымдастығы (UEFA) Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы ережелеріне бірқатар өзгертулер енгізді. Бұл ережелер келесі маусымнан бастап атқарылады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты UEFA-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Матчтардың басталу уақытына қатысты өзгертулер.

Жаңа маусымнан бастап Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф ойыны, топтық кезең матчтары, 1/8 финал, 1/4 финал, 1/2 финал және финалдық кездесулер Орталықеуропа уақыты (CET) сағат 21:00-де (Астана уақыты 01:00) басталады. Сонымен қатар топтық кезең ойындарында әр сейсенбі және сәрсенбі күндері екі кездесу Орталықеуропа уақыты 18:55-де (Астана уақыты 22:55) басталады. Ал топтық кезеңнің ең соңғы айналымы аясындағы матчтар бірдей уақытта басталады. Нақты уақытын UEFA өз кезінде белгілейді.

Еуропа лигасының ойындары топтық кезеңнен бастап 1/8 финалға дейін Орталықеуропа уақыты (CET) сағат 18:55 (Астана уақыты 22:55) және 21:00-де (Астана уақыты 01:00) басталады. Нақты қай ойынның қашан өтетіні жеребе арқылы анықталады. Ал ширек финалдан бастап ойындардың барлығы 21:00-де (Астана уақыты 01:00) басталады.

UEFA Суперкубогы үшін өтетін матч Орталықеуропа уақыты 21:00-де (Астана уақыты 01:00) басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или