Қазақстан кубогы 1/8 финалының жеребесі 30 наурыз күні тартылады
30 наурыз сағат 16:00-де 2018 жылғы Қазақстан кубогының 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәстүр бойынша іс-шара ҚКФЛ-ТВ жобасының тікелей эфирінде көрсетіледі.
ҚР Кубогы 1/8 финалының қатысушыларының қатарына Премьер-лиганың 12 клубы және Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңі арқылы жолдамаға ие болған «Қыран», «Мақтаарал», «Оқжетпес», «Тараз» командалары кіреді.
Бұл кезеңде теке-тірестер бір матчтан тұрады. Қазақстан Кубогының 1/8 финал ойындары 18 сәуірде өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или