Қазақстан Кубогы: Іріктеу кезеңінің нәтижеcі

Қазақстан Кубогы: Іріктеу кезеңінің нәтижеcі

Қазақстан Республикасы Кубогының іріктеу кезеңі аяқталды. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты бұл кезеңнің нәтижелерін назарларыңызға ұсынып отыр.

Аталаған кезеңдегі матчтар 18-26 наурыз аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан стадиондарда өткізілді.  

«А» тобындағы жалғыз жолдамаға «Оқжетпес», «Оңтүстік Академия» және «ОСДЮСШОР - Жас Ұлан» клубтары таласқан. Нәтижесінде Кубоктың 1/8 финалына көкшетаулық клуб өтті.  

«Оқжетпес» алдымен «Оңтүстік Академиясымен» тең ойнады – 1:1, содан соң «ОСДЮСШОР - Жас Ұлан» командасын ойсырата жеңді – 7:0. «Оқжетпес» пен «Оңтүстік Академия» командалары бірдей ұпайлар жинады, бірақ соғылған және жіберілген голдар айырмашылығы көкшетаулықтар жағында.  

«В» тобының жеңімпазы «Мақтаарал» командасы болды. Оңтүстік Қазақстан өкілі келесі кезеңге жолдаманы «Рузаевка» және ЦСКА футбол клубтарымен бірге сарапқа салды. Бірінші матчта Қуаныш Қарақұлов шәкірттері ЦСКА-мен тең ойнады (1:1), содан соң 7:1 есебімен «Рузаевкадан» басым болды. 4 ұпай жинап, «Мақтаарал» турнирдің 1/8 финалының жолдамасын жеңіп алды.

Жеребе бойынша «С» тобына «Қыран», СДЮСШОР №8 (Астана қ., әуесқой клуб) және «Каспий» түсті. «Қыран» өзге топтардағы көшбасшылар секілді алдымен тең ойнап, содан соң жеңіс дәмін татты. 4 ұпаймен шымкенттік ұжым келесі кезеңге шықты.

«D» тобында «Алтай», «Тараз», «Ақбет» (Павлодар қ., әуесқой клуб) және «Екібастұз» жиналды. «Тараз» бен «Алтай» алғашқы екі ойыннан кейін әрқайсысы екі реттен жеңіске жетіп, 6 ұпайдан жинады. Нәтижесінде топтың жеңімпазы іріктеу кезеңінің соңғы күнінде анықталды. «Тараз» «Алтайдан» 2:1 есебімен басым түсті. «D» тобынан көшбасшы ретінде Кубоктың 1/8 финалына Воит Талгаев командасы өтті.

Қазақстан Кубогының 1/8 финалына іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша «Оқжетпес», «Мақтаарал», «Қыран» және «Тараз» командалары келесі кезеңге жолдама алды. Бұл клубтар 18 сәуірде өтетін келесі кезеңнің ойындарында алаң иелері атанады.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или