«Ақжайық» өз жанкүйерлеріне автобус жалдады
31 наурызда Премьер-лиганың 3-турындағы «Ақжайық» - «Ертіс» матчы Ақсай қаласында өтетіндіктен, оралдық клуб өз жанкүйерлеріне арнайы автобус жалдады.
Автобус матч күні 10:30-да «Ақжайық» ФК стадионының көлік тұрағынан жүріп кетеді. Бұл автобус жанкүйерлерді «Қарашығанақ» стадионына дейін тегін апарады. Кейін матч біткен соң жанкүйерлерді Оралға алып қайтады.
Айта кетейік, «Ақжайық» - «Ертіс» матчы 31 наурызда жергілікті уақытпен 14:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или