Станимир Стоилов: Матч тең есеппен аяқталуы керек еді

Станимир Стоилов: Матч тең есеппен аяқталуы керек еді

Қазақстан құрамасының бас бапкері Болгарияға қарсы жолдастық ойын туралы пікірін айтты.

«Бұл жолдастық ойын болғаны қандай жақсы, бірақ қазір ерекше әсерде тұрмын, себебі біз менің елімнің командасымен ойнадық. Матчты екі таймға бөлуге болады. Шынымды айтсам, шынайы нәтиже тең есеп болар еді, себебі бірдей екі команда кездесті.

Петр Хубчевтің командасын құттықтап, оларға Ұлттар лигасында жеңіс тіледім. Болгария өз деңгейіндегі командалармен бір топқа түсті. Болгария мен Қазақстан арасында айырмашылық бар. Біз ұйымшыл болып, бір тәртіппен ойнауға тырысамыз», - деді Стоилов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или