Самат Смақов: Ақтөбеде құрама ойындарын өткізуді жоспарлап отырмыз
«Ақтөбе» ФК бас директоры «ақ-қызылдардың» ойынын Шымкентке ауыстыру жайлы, команда презентациясының уақыты, жаңа маусымға арналған абонементке қатысты пікірін білдірді.

- Самат Кабирұлы, «Ақтөбенің» өз алаңындағы алғашқы матчының ауыстырылуы туралы пікір білдірсеңіз?
- Өздеріңізге мәлім, жуырда Ақтөбеге ҚКФЛ комиссиясы келіп, Орталық стадионның ойын өткізуге жарамсыздығын, қатқыл алаңның жарақаттануға сеп болатынын, бір ойыннан соң жасыл шөп қалпына келмейтінін алға тартып, ресми ойын өткізуге тыйым салды. Біз «Қайратпен» өтетін ойынды алматылық клубпен өзара ауыстыруды өтініп, ҚКФЛ – на хат жазған едік, бірақ рұқсат берілмеді. Сондықтан қосалқы алаң іздедік. Осыған орай, «Ордабасы» футбол клубының президенті Бақтияр Даниярұлы Байсейітовке, Қажымұқан атындағы Орталық стадионның басшылығына бізге көмек қолын созғандары үшін зор алғысымды білдіремін. Шымкентті бекерден - бекер таңдаған жоқпыз – бұл жақта күн жылы, жасыл шөбі шүйгін өскен алаңдары бар. Сонымен қатар, келесі турда біз Шымкентте «Ордабасымен» кездесеміз. Сол үшін біз Шымкентте қаламыз, Ақтөбеге қайта ұшпаймыз. Клуб бюджетіне де үнем болады.

- Маусым басталды, тіркеуге қойылған тыйым алынды. Осыған орай, жанкүйерлерді «команданың презентациясы бола ма?», «қашан?» деген сұрақ толғандырады?
- Біріншіден, тыйымды алып тастау барысында бізге жан-жақты көмек берген ҚКФЛ президенті Олжас Абраевқа алғысым шексіз екенін айта кетейін. Жаңа ойыншыларды тіркеу, т.б. да мәселелеріміздің болғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Тыйым алынып тасталуын күтіп, презентацияның уақытын создырып алдық. Әрине, қазіргі уақытта бәрі дұрысталғаннан кейін, жанкүйерлерге команданы таныстыруды жоспарлап қойдық. Күні мен өтетін уақытын кейін жарияламақпыз.

- Абонемент сатып алған кейбір жанкүйерлер өз алаңымыздағы ойындардың көбісін көре алмайтын болдық деп қынжылуда. Бұның қарымақысы қалай өтелмек?
- Біз Ақтөбеде құрама ойындарын өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, тағы бір қызықты матч өтеді. Ол туралы кейінірек айта жатармыз... Абонемент иегерлері осы ойындарға тегін кіре алады. Осыған орай былай дегім келеді - маған жанкүйерлер қоңырау соғып, көмектескісі келетінін айтып, қайтсем жәрдем бере алам деп сұрасқан болатын. Менің ойымша, көмектесудің бір жолы – маусым абонементтерін сатып алу.

- Сөз соңында командаға, жанкүйерлерге не тілеріңіз бар?
- Жанкүйерлерге тек сабыр мен үнемі командамен бір болуды тілеймін. Біздің жанкүйерлер біздің үлкен «ақ-қызыл» отбасы екенімізді бірнеше рет дәлелдеп келеді. Команданың чемпионатта сәтті өнер көрсетуі үшін мен қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Ал командаға сәттілік пен әр ойында жандарын салып ойнауын тілеймін!
Сөз соңында айтарым, барша жергілікті жанкүйерлерді «Қайратпен» өтетін ойында «Ақтөбені» қолдауға шақырамын!