Болгария - Қазақстан ойынын «Хабар» арнасы көрсетеді
Қазақстан құрамасының Болгарияға қарсы жолдастық ойынын «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Жолдастық матч 26-шы наурыз күні Болгарияның Фельчут қаласында өтеді. Аталмыш ойынды «Хабар» арнасы Астана уақытымен 22:50-де тікелей эфирден көрсетеді. Ғаламтордан мына сілтеме бойынша көре аласыз.
Айта кетейік, бірер күн бұрын Венгрияға қарсы өткен ойында Станимир Стоилов Қазақстан Ұлттық құрамасының тізгініндегі алғашқы жеңісіне жетті. Аталған кездесу Роман Мұртазаев, Еркебұлан Сейдахмет және Бақтиер Зайнутдинов бір-бір голдан соққан еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или