ӘЧ добына танымал қақпашылардың көңілі толмады

ӘЧ добына танымал қақпашылардың көңілі толмады
Ресейдегі әлем чемпионатының ресми добы «Telstar 2018» деп аталады. Допты «Adidas» фирмасы жасаған. Ерекше үлгідегі доп алты панель мен жапсарсыз үйлесім негізінде жасалған. 
1970 жылы Мексикада өткен әлем чемпионатының добы да «Telstar» деп аталған. Доптың сынақтарына Аргентина, Колумбия, Мексика құрамалары мен «Манчестер Юнайтед», «Ювентус», «Реал» және «Аякс» клубтарының ойыншылары қатысқан. Ал допты Лионель Месси таныстырған болатын. 
«Telstar 2018» футболшылар үшін ыңғайлы болғанмен, қақпашыларға керісінше көрінеді. Себебі әлемнің танымал қақпашылары бұл допты тосу қиын екенін алға тартуда. Олардың қатарында испаниялық қақпашылар Давид де Хе, Пепе Рейна және Германия құрамасының қақпашысы Марк Андре тер Штеген бар. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или