Қазақстан U-21 – Люксембург U-21 матчында Беларусь төрешілері қазылық етеді

Қазақстан U-21 – Люксембург U-21 матчында Беларусь төрешілері қазылық етеді

27 наурызда Қазақстан жастар құрамасы өз алаңында 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде жетінші матчын өткізеді.

Қазақстандық футболшылардың қарсыласы Люксембург жастары болмақ. Кездесуде беларусьтік төрешілер бригадасы қазылық етеді. Бас төреші – Денис Щербаков. Оған Юрий Хомчанка мен Евгений Раманау көмектеседі. Төртінші рефери – Сергей Цункевич.

Ал матч инспекторы қызметін түркиялық Мухарем Зихни Аксой атқарады.

Матч «Астана Арена» стадионында 19:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или