ҚПЛ-дың үш футболшысы Беларусь құрамасында ойнады

ҚПЛ-дың үш футболшысы Беларусь құрамасында ойнады

Елордалық «Астананың» ойыншылары Иван Маевский мен Игорь Шитов, сондай-ақ, «Ертістің» жартылай қорғаушысы Сергей Кисляк Беларусь құрамасы сапында өнер көрсетті.

Олар Әзірбайжан құрамасына қарсы жолдастық матчқа қатысқан. Беларусь футболшылары қарсыласын 1:0 есебімен ұтты.

Маевский мен Шитов алаңда толық 90 минут бойы ойнаса, Кисляк 70-минутта өз орнын әріптесіне босатты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или