Венгрия - Қазақстан ойынын «QazSport» арнасы көрсетеді
23-ші наурыз күні өтетін Қазақстан Ұлттық құрамасының Венгрияға қарсы жолдастық кездесуін «QazSport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты.
Будапешт қаласында Қазақстан құрамасы Станимир Стоиловтың қол астындағы алғашқы ойынын өткізеді. Аталмыш матчты «QazSport» арнасы Астана уақытымен 23:50-де тікелей эфирден көрсетеді. Ойынды ғаламтордан көру үшін мына сілтемеге өтіңіз.
Ал араға үш күн салып Фельчут қаласында Қазақстан құрамасы Болгария ұжымымен кездеседі. Аталмыш ойынды «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или