Верратти: ПСЖ-да қаламын деп шешім қабылдадым
<font>«Париж Сен-Жермен» клубының жартылай қорғаушысы Марко Верратти мансабын қайда жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Goal.ge сайтына сілтеме жасап.</font>
<font>«Басылым беттерінен Райя маған <span>«Барселонаға» ауысу туралы ұсыныс жасады дегенді оқыдым. Бұл жалған ақпарат. Аталмыш жағдай туралы командадағы әріптестеріммен сөйлестім. Олар менің ПСЖ-ға деген көзқарасымды жақсы біледі. Мен Парижде қалу туралы шешім қабылдадым</span></font><font>, - деді италиялық футболшы.</font>
<font><span>Айта кетейік, Марко Верратти ПСЖ сапында 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ал қазіргі келісімшартының мерзімі 2021 жылға дейін жарамды. </span></font>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или