Мохамед Салах рекорд жаңартты
Англия Премьер лигасының 31-ші туры аясында өткен «Ливерпуль» мен «Уотфорд» кездесуі 5:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Осы кездесуде мерсисайдтық команданың шабуылшысы Мохамед Салах бір өзі төрт гол соқты. Сөйтіп, Египет құрамасының ойыншысы осы маусымда «Ливерпуль» үшін соққан голдар санын 36-ға жеткізді.

Бұл көрсеткішпен Салах тарихтағы аға буын футболшылардың бәрін басып озды. Осы күнге дейін бірде-бір ойыншы «Ливерпуль» командасында өткізген алғашқы маусымында дәл мынадай көп гол соға алмаған.

Бүгінге дейін аталған рекорд иесі Фернандо Торрес болатын. Испаниялық шабуылшы «Ливерпуль» командасына ауысып келген 2007/08 жылғы маусымда 33 гол соққан болатын. Ал бұл көрсеткішті Мохамед Салах бүгін артығымен орындап тастады.

Салах биыл Премьер лигада 28 гол, Чемпиондар лигасында жеті гол, Англия кубогында бір гол соқты.